Қазақстан,Ұлыбритания, АҚШ бірлескен жаттығуларын бастайды

Бүгін Қазақстан, Ұлыбритания және АҚШ әскерилері бірлескен онкүндік оқу-жаттығуларын бастайды. Қазақстан қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтың сөзінше, "Дала қыраны" атты жыл сайынғы жаттығуларға мыңнан аса жауынгер қатысады.

НАТО бағдарламасының аясындағы бұл жаттығулар Алматы маңындағы Ильин полигонында өтеді.