Қытайда су тасқынынан 1200-ден аса адам қаза болды

Қытайдың Ганьсу провинциясындағы су тасқыны мен лай көшкінінен қаза болғандар саны 1248 адамға жетті.

Тағы 496 адам хабар-ошарсыз кетті, ал 66 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Өткен аптада Ганьсу провинциясында үш ауыл тұтастай лай көшкінінің астында қалды.