Қазақстанда мұнайға кедендік баж салығы салынатын болды

Бүгіннен бастап Қазақстанда мұнай және мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж салығы салынады.

Қаулыға сәйкес, ашық түсті мұнай өнімдеріне салынатын баж салығы тоннасына - 99,71 доллар, қара түсті мұнай өнімдеріне – 66,47 доллар, шикі мұнайдың бір тоннасына - 20 доллар болып белгіленді.