Қытай: фабрикадағы жарылыстан 19 адам қаза болды

Қытайда от-шашу жасап шығаратын фабрикада болған жарылыстан 19 адам қаза болып, 150-ден аса адам жарақат алды.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жарылыс күштілігі фабрикадан бес шақырым қашықтықта орналасқан Хэйлунцзян провинциясының Ичунь қаласында сезілген.

Екі мыңнан аса жергілікті тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді.