Грузияда екі саяси тұтқын - Мелор Вачнадзе мен Вахтанг Маисаия грузин түрмелерінде отырған барлық саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, тамыздың 17-сінен бастап аштық жариялады деп хабарлайды Азат Еуропа/Азаттық радиосының грузин қызметі.
Бір жыл бұрын тұтқындалған Мелор Вачнадзеге алаяқтық жасады деген айып тағылған. Ол 2007 жылы президенттік сайлауға қарсы наразылық кезінде белсенділік танытқаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Грузияның НАТО-дағы бұрынғы өкілі әрі әскери сарапшы Вахтанг Маисаия тыңшылық жасады деп айыпталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кету керек, оларға қатысты сот жабық өтті.
Тбилисидегі құқық қорғаушы орталықтың директоры Уча Нануачвилли тұтқындардың аштық акциясы әлдебір нәтиже береді дегенге күмән келтіреді. Оның айтуынша, Еуропалық Одақ, АҚШ немесе Батыс елдерінің ықпал етпесе, Грузияда ешқандай өзгеріс болуы мүмкін емес. Уча Нануачвиллидің сөзінше, қазір грузин түрмелерінде 60-тан аса саяси тұтқын бар.