Нигерияда оба індетінен 67 адам көз жұмды

Нигерияның солтүстік-шығысында оба індетінен кем дегенде 67 адам көз жұмды.

Елдің медицина қызметінің өкілі Баучи Муса Мохаммедтің хабарлауынша, соңғы апта ішінде 1,7 мың адамның ауру жұқтырғаны тіркелген. Олар індетті құдықтар мен басқа да маңайдағы су көздерінен жұқтыруы мүмкін, дейді мамандар

Оба індеті мұның алдында көршілес Камерунда да тіркелген. Онда аталған ауруды жұқтырған екі мың адамның 155-і көз жұмды.