Өзбекстан тәуелсіздік күнін үш күн тойлайды

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов қыркүйектің 1-і атап өтілетін Өзбекстан тәуелсіздігінің 19 жылдыған тойлауға орай демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды. Құжат бүгін республикалық басылымдарда жарияланды.

Құжатқа сай сенбі (28 тамыз) мен жексенбі (29 тамыз) жұмыс күні деп, ал дүйсенбі (30 тамыз) мен сейсенбі (31 тамыз) демалыс күндері деп жарияланды.

Қаулыда атап көрсетілгендей, бұл шешім «халықтың демалысына жайлы жағдай жасау мен жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында» қабылданып отыр.