АҚШ теңізшілері құтқарған ирандық балықшылар еліне оралды

АҚШ-тың теңізшілер тобы Арабия теңізінде кемелері өртеніп жатқан сегіз ирандықты құтқарған. Америкалық құтқарушылар оларға азық-түлік пен жаңа киімдер беріп, екі күннен соң ирандық теңізге апарып тастаған.

Хабарларға қарағанда, ирандық балықшылар тікұшақпен апарылып, дәрігерге тексертілген. Кейін ирандықтарды жұма күні кішірек қайыққа отырғызып жіберген.