Чилиде жарты ай бұрын жер астында қалып қойған 33 кеншінің тірі екендігі хабарланды

Чили президенті Себастьян Пиньера кеніштегі апат салдарынан жер астында қалып қойған 33 шахтердің тірі екендігін мәлімдеді.

Осыдан 17 күн бұрын елдің солтүстігіндегі Копьяпо қаласының маңында алтын және мыс өндіретін кеніште жер қабаты құлап, 700 метр тереңде жұмыс істеп жатқан кеншілердің шығар жолын басып қалған соң, ондағылардың тағдыры осы кезге дейін беймәлім болып келген еді.

Құтқарушылар апат болған шахтаға түсірген зонд арқылы жексенбі күні жер астында қалып қойғандардан алынған хатта 33 кеншінің барлығы есен-сау екендігі, апат кезінде олар арнайы орынға жасырынып аман қалғаны жазылған.

Мамандардың айтуынша, апат болған шахтада қалғандарды жер бетіне алып шығу жұмыстары бірнеше аптаға жалғасуы мүмкін. Оған дейін кеншілерге оттегі, су, тамақ пен қажетті құрал-заттар жеткізіліп тұрмақ