Пәкістан әлем қауымдастығының жәрдеміне алғыс білдірді

Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши су тасқынынан зардап шеккен ел тұрғындарына жәрдем көрсеткен әлем қауымдастығына рақмет айтты. Министрдің айтуынша, қайырымдылық мақсатқа жиналған қаржы мөлшері 800 миллион доллардан асқан.

Пәкістан үкіметі елді қалпына келтіру үшін 15 миллиард доллар қажет болуы мүмкін деді. Ең үлкен апатқа айналған су тасқынынан 1600 адам қаза тауып, 20 миллион халық зардап шекті.