Қытайда ұшақ апатынан 42 адам қаза болды

Қытайдың солтүстік-шығысында сейсенбі күні болған ұшақ апатынан кем дегенде 42 адам қаза болып, 54 жолаушы аман қалған.

«Хэнань Эрлайнз» әуекомпаниясының ұшағы Хэйлунцзян провинциясының астанасы – Харбин қаласынан шыққан. Лайнер кешке Ичунь қаласына қону барысында қону алаңынан ауытқып кеткен. Нәтижесінде ұшақ екіге бөлініп, өрт шыққан.

Жергілікті билік, бұл соңғы бірнеше жылда болған ең қайғылы әуеапаты екендігін айтып отыр.