Нигерияда тырысқақ дерті етек алып барады

Нигерия үкіметі елде жұқпалы тырысқақ дертінің кең етеке жая бастауына алаңдап отыр.

Соңғы үш айда тырысқақ ауруынан 350 адам мерт болып, оны тағы 6 мың 400 кісі жұқтырды. Тырысқақ эпидемиясы Нигерияның 36 штатының 12-сінде тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің пайымдауынша, тырысқақ дертінің тез таралуына маусымдық жауын-шашын мен ас судың жетіспеуі және тазалық нормаларын сақтамау түрткі болды.

Көрші Камерунда тырысқақтан 200-ден астам сырқат көз жұмды.