Заңсыз келген 12 қырғыз және өзбек азаматы Қазақстаннан шығарылды

Қырғызстан мен Өзбекстанның 12 азаматы көші-қон заңнамаларын бұзғандықтан Қазақстаннан шығарылды деп хабарлады 26 тамыз күні кешке бас прокуратураның баспасөз қызметі .

Прокуратураның мәліметінше, шетел азаматтары Шығыс Қазақстан облысы Мало-Владимировка ауылындағы ауыл шаруашылығы фермасының құрылысында заңсыз жұмыс істеп жүрген.