Стивен Ким құпия ақпаратты жариялады деп айыпталды

Обама әкімшілігі АҚШ мемлекеттік департаментінде жұмыс істегенде Солтүстік Кореяға қатысты құпия мәліметтерді қоғамға жариялап жіберген сарапшыны айыптады.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, Стивен Ким АҚШ-тың сыртқы елдерге қатысты мәліметтерін Fox News тілшісіне беріп қойған. Енді оған 10 жыл түрме жазасы берілуі мүмкін.

Бұл АҚШ билігінің құпия мәліметтерін жарыққа шығаруға қарсы жасалған соңғы қадамдардың бірі. Осыған дейін АҚШ-тың Ауғанстандағы соғысына қатысты мыңдаған құпия құжаттарды WikkiLeaks сайты жариялап жіберген.