Назарбаев халықты Конституцияның 15 жылдығымен құттықтады

Қазақстан президенті, Қазақстан қарулы күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің конституциясының қабылданғанына 15 жыл толғанымен халықты құттықтап, осы мерекеге арналған әскери шеруді ашты. “Қазақ елі” монументі алаңында басталған шараларда президент Назарбаев:

«Біз елдің негізгі заңының 15 жылдығын салтанатпен атап өтіп жатырмыз. Шын жүрегімнен қазақстандықтарды бұл атаулы күнмен құттықтаймын»,- деді.

Қазақстанда Конституция күні мемлекеттік мереке болғандықтан, демалыс күні болып табылады. Республика бойынша ата заңның 15 жылдығына арналған концерттік бағдарламалар мен жарыстар өтуде.

Бұл мерекеге арналған отшашу Астана мен Алматы қалаларында кешкі сағат 10-да болады.