Братиславада қарулы адам алты адамды өлтірді

Бүгін Словакия астанасында бір қарулы адам алты адамды атып өлтіріп, тағы 13 кісіні жаралады.

Ақпарат құралдарының жазуынша, қаза тапқандар арасында екі ер адам мен төрт әйел бар. Полиция бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмей, толығырақ мәлімет кейін беріледі деді. Полиция атыс болған жерді қарап шықты.