Қырғызстан тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр

Бүгін Қырғызстан тәуелсіздігінің 19 жылдығын атап өтіп жатыр. Сейсенбі күні Бішкектегі Ала-Тоо алаңында президент Роза Отунбаеваның қатысуымен мерекелік шара өтеді.

Мерекелік шаралар республиканың барлық аймақтарында, оның ішінде осы жазда этникааралық қақтығыстар болған ел оңтүстігінде де өтеді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.