Ресей оппозициясы шерулер өткізетіндерін айтты

Ресейдегі оппозиция белсенділері мен адам құқығын қорғаушы топтар Мәскеу, Санкт-Петербург және басқа да қалаларда рұқсат етілмеген шерулер өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Олар әр айда Ресей Конституциясының еркін жиындар өткізуге болады деген 31-ші бабына назар аудартуға тырысады.

Мәскеу полициясы биліктің рұқсаты берілмеген қандайда бір жиынға тосқауыл қоятындарын ескертті. Ресей билігі елдегі оппозициялық топтарға шеру өткізуге рұқсат бермей, оларды күшпен таратып келеді.