Осетиялықтар Беслан трагедиясын еске алу шарасын өткізеді

Бүгін Солтүстік Осетияда Беслан трагедиясын еске алу шаралары басталады.

Осыдан алты жыл бұрын елде кепілдікке алу оқиғасы кезінде 336 адам қаза тапқан еді. Соның 186-сы балалар болатын.

ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, жартылай құлаған мектеп ғимаратында күндізгі еске алу шараларынан кейін, кешке қаза болғандардың санына сай май шам жағылмақ.

Неігзгі еске алу шарасы қыркүйектің 3-іне жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, 2004 жылы осы күні террористер мен арнайы жасақ арасында қарсы әрекет басталған еді.