Обама Ирақтағы операциялар аяқталды деді

АҚШ президенті Барак Обама Ирақтағы 7 жарым жылға созылған АҚШ-тың әскери операциялары аяқталды деп жариялады. Сенсенбі күні кешкісін Ақ үйде мәлімдеме жасаған Обама соғыс кезіндегі америкалықтар мен ирақтықтар құрбандығынан кейін, жаңа бет ашатын кез келді деді.

Ол енді Ирақты азат ету операциялары аяқталды дей келе, ирақтықтар елдің қауіпсіздігіне жауапкершілікті өздері алады деді. 2008 жылғы президенттік науқаны кезінде америкалықтарға Обама егер президент болса, Ирақтағы соғысты тоқтатуға сөз берген.

Ирақта әлі де АҚШ-тың 50 мың жасағы қалып отыр, олар Ирақтың қауіпсіздік күштерін жаттықтырудан өткізіп, елде тұрақсыздық болған жағдайда жауапкершілікті алады. Ирақтағы қалған АҚШ күштері 2011 жылы шығарылады.