Орталық банк: “Кабул банкіне” қауіп төніп тұрған жоқ

Ауғанстанның орталық банкінің басқармасы сәрсенбі күні елдегі ірі банктің бірі – “Кабул банкіне” АҚШ ақпарат құралдары жазып жатқандай құлдырау қаупі төніп тұрған жоқ деді.

Американың The New York Times, Wall Street Journal және Washington Post басылымдары сәрсенбі күні орталық банк қаржылық заңсыздықтар болды деген “Кабул банкінің” атқарушы басқармасына билікті алып, үлескерлер көп көлемді несиелерін алып кетті деп жазған. Хабарларға қарағанда, “Кабул банкі” 300 миллион доллардан аса қаржы жоғалтып отыр.

Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың бауыры Махмуд Карзай және басқа да ауғандықтар “Кабул банкінің” үлескерлері болып табылады.