Бразилия полициясы Дурадо қаласының бүкіл мэриясын қамауға алды

Жергілікті полиция мэрияның шенеуніктерін түгелге жуық қамауға алғаннан кейін Бразилияның Дурадо қаласы биліксіз қалды. Мэрия шенеуніктері сыбайлас жемқорлықтары үшін айыпталған. Қамауға алынғандардың ішінде қала мэрі, оның орынбасары, тіпті мэрдің зайыбы да бар.

Кезектен тыс сайлау өткізілгенге дейін Дурадоны қалалық сот судьясы басқара тұрады.