Мұнайшылар күніне орай Жаңаөзенде мерекелік шаралар өтті

Қазақстанда қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін мұнайшылар күні мерекесінде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 12 түрлі әлеуметтік шара ұйымдастырылған.

Соның бірі – жаңаөзендің мұнайшыларға арналып 200 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлаған.

Мұнайшы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, Жаңаөзен әкімі мұнайшыларды мерекесімен құттықтаған. Сондай-ақ Жаңаөзенде мұнайшылар күні қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылған.