Таулы-Қарабахтағы қақтығыста 1 әзірбайжан әскері қаза болды

Сенбі күні Әзірбайжанның жікшіл аймағы Таулы-Қарабахтағы қақтығыста бір әзірбайжандық сарбаз мерт болған. Арменияның қолдауындағы бұл аймақта армениялықтардан адам шығыны болмаған.

Осы аптаның басында Таулы-Қарабахтағы атыс кезінде Әзірбайжанның екі әскері мен 3 армениялық оққа ұшқан.