Мексика шығанағындағы мұнай ұңғымасы енді қауіп төндірмейді

Мексика шығанағына сәуір айында апатқа ұшырап, 4,9 миллион баррель мұнайды суға ағызған Бритиш Петролиумнің су астындағы мұнай ұңғымасыенді қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін болды. Бұл туралы АҚШ-тың ресми өкілдері хабарлады.

Зақымданған ұңғыманың 300 тонналық қақпағы өткен түнде су бетіне шығарылған. Енді тергеушілер апаттың неден болғанын анықтай алады.