Жаңа Зеландияда кезекті жер сілкінісі болды

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласына жақын жерде магнитудасы 5,0 болған кезекті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды АҚШ-тың Геологиялық қызметі.

Жер сілкінісі сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 07:49-да болған. Жер сілкінісінің ошағы бар-жоғы бір метр тереңдікте жатып, Жаңа Зеландиядағы екінші басты қала болып табылатын Крайстчерч қаласынан 15 шақырым жерде орналасты.

Адам шығыны мен бұзылған ғимараттар жайлы ақпарат әзірге жоқ.