Алматыда тұңғыш рет аймақтық медиафорум өтеді

Алматыда қыркүйектің 20-сында тұңғыш рет «БАҚ болашағы – журналистер қолында» атты аймақтық медиафорум өтеді. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз жиынында хабарланды.

Шараны ұйымдастырушылардың сөзінше, форум аясында Қазақстандық БАҚ-тың болашағы, олардың арасындағы бәсекелестік, интернет тосқауылдар мен цензура мәселесі сөз болады.

«Бүгінгі қазақстандық журналистиканың жағдайы мүшкіл екендігі жасырын емес, сондықтан біздің кемшілігімізді түзеп, жетістіктерімізді арттыруы – басты мақсат», - дейді форумның үйлестірушісі Ирина Медникова.