Тәжікстан Ауғанстанмен шекарасында 20 бүлікші өлтірілгенін айтты

Тәжікстан билігі осы аптада Ауғанстанмен шекарасында болған атыстан бір сақшысы мен 20 бүлікші қаза тапқанын хабарлады.

Шекара қызметінің өкілі Хушнуд Рахматуллаевтың айтуынша, қақтығыста оққа ұшқандар шекарада бой тасалап, ауған үкіметіне қарсы күресіп келе жатқан бүлікшілер.

Хабарларға қарағанда, шекарадағы атыс сәрсенбі күні басталып, бейсенбінің таңына дейін жалғасқан.