Қазақстан: дәрігерлер жалақысы 30%-ға артады

Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Салидат Қайырбекова былай деп мәлімдеді. 2011 жылы медициналық қызметкерлердің жалақылары 30%-ға артады.

Бұл медициналық қызметкердің базалық жалақысына байланысты ма (2010 жылы 12 мыңнан асады) немесе жалпы жалақыға байланысты ма (орташа есеппен 50 мың теңгеден асады) - оны вице-министр түсіндірмеді.

Статистика агенттігінің мәліметінше, биылғы маусымда бір қызметкердің орташа жалақысы 82 282 теңге болды. Ең жоғарғы жалақы қаржы және сақтандыру саласына тиесілі - 160,7 мың теңге көлемінде.