ШҚО: өрт бес күннен кейін ауыздықталды

Шығыс Қазақстан облысындағы өрт 5 күннен кейін сөндірілді. Бұл турасында төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

Өрт қыркүйектің 8-і күні бсталған еді.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесінің Бегенев орман шаруашылығының аумағы отқа оранып, 400 га алқап жанып кетті.

Құрбандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер тіркелген жоқ.