Бүгін түнде Қазақстанның жекелеген аумақтарында үсік жүреді

Қазгидрометтің болжауынша бүгін, қыркүйектің 14-і күні Қазақстанның басым аумағының ауа райына жауындар мен тұман алып келетін - төмен қысымды аймақ әсер етеді. Ал республиканың оңтүстік-шығысында сынап бағанасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.

Мәселен, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында түнде 0-6 градус шамасында суық болады.

Алматы мен Жамбыл облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 0-2 градус үсік жүреді.