Киевте Қазақстан мен Украина президенттері кездеседі

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға ресми сапары басталады. Киевте Қазақстан мен Украина президенттері, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың жандануы туралы келіссөздер өткізеді, деп хабарланып отыр.

Расталмаған ақпаратқа қарағанда, келіссөздердің басты тақырыбы - Қазақстан мұнайын Украина арқылы Еуропаға тасымалдау мәселесі болмақ, деп хабарлайды "Новости Казахстана" агенттігі.