Шведова US Open-нің жұп разрядында жеңімпаз атанды

Қазақстандық тенисші Ярослава Шведова US Open жұп разрядында америкалық Ванья Кингпен бірге «Үлкен шлем»турнирінің жеңімпазы атанды.

Шведова америкалық Кингпен бірге АҚШ-тағы турнирдің финалында қарсыластары Лизель Хубер (АҚШ)/ Надежда Петрова (Ресей) дуэтін үш сетте 2:6, 6:4, 7:6 есебімен жеңді.

Ойынның басым бөлігі жексенбі күні аяқталып, 5:4 есебімен Петрова мен Хуберттің пайдасында болып тұрған кезде, жауынға байланысты сейсенбі күнге дейін тоқтатылған болатын. Финалдың тағдыры тай-брейкте шешілді. Онда қазақстан-америкалық жұп басым түсті.

Шведова мен Кинг «Үлкен шлем» турнирін осымен екінші рет жеңім отыр, олар маусымда Уймблдонда жеңісін тойлаған.