Украинада милиция генералы Алексей Пукачтың үстінен жүргізілген тергеу аяқталды. Оған осыдан 10 жыл бұрын «Украинская правда» интернет-басылымының жетекшісі Георгий Гонгадзені өлтіру қылмысын ұйымдастырды деген айып тағылған.
2008 жылы осы іс бойынша Пукачтың қоластында қызмет еткен 3 кісі – қылмысты іске асырғандар сотталды. Екеуі 12 жылдық мерзімдерге, үшіншісі – 13 жыл мерзімге түрме жазасына кесілді.
Ұзақ жыл іздеуде жүріп өткен жылғы жазда қолға түскен Алексей Пукач кісі өлтіруге тапсырыс бергендердің бірі ретінде бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Кравченконы атады.
Кравченконың басында екі оқтың ізі бар және өлер алдында жазған хаты мен мәйіті 2005 жылы өзінің саяжайынан табылды. Хатында ол президент Леонид Кучма мен оның маңайындағылардың «саяси интригасының құрбаны болғанын» жазыпты.
А.Пукачтың ісі бойынша сот шамамен 2 айдан кейін басталуға тиіс. Қазір іспен танысу басталады.