Чили шахтасындағы бұрғылау шегі жер астындағы кеншілер жаққа жетті

Чили билігі тамыз айының басында шахтада болған апаттан кейін жер астында қалып қойған 33 кеншіні құтқару үшін жер асты жолдарын бұрғылап, кеншілер отырған тұсқа жетті. Бірақ әлі 630 метр төменде отырған кеншілерге жету үшін бұрғылау жұмыстарын қараша айының басына дейін созылуы мүмкін.

Олар мыс және алтын кенін алатын Сан-Хосе шахтасының негізгі туннелі құлағанда, жер астында қалып қойған. Қазір оларға тамақ пен қажетті заттар өткізе алатын үш үңгір бар.