Қырғызстан: парламент сайлауына ЕҚЫҰ 300 бақылаушы жібереді

Қырғызстанда қазан айының 10-ы күні жоспарланып отырған парламент сайлауына ЕҚЫҰ-ның 300 бақылаушысы қатысады. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне ЕҚЫҰ-ның өкілі Лене Шаке хабарлады.

Бақылаушылар, сайлау компанияларының ісіне мониторинг жүргізіп, сайлау барысын қадағалайтын болады.