Одессада Янукович партиясының кеңсесі атқыланды

Украина билігі Одессада президент Виктор Янукович партиясының кеңсесін белгісіз біреулердің атқылап кеткенін мәлімдеді. Бұл жөнінде Азат Еуропа/ Азаттық радиосының украин қызметі хабарлады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға қыркүйектің 20-сына қараған түні болған.

Одесса губернаторы Эдуард Матвийчук кеңсеге шабуыл жасағандарды ұстап, тиісті жазасын беруді талап етті.

Әзірше Одесса полициясы бұл ақпаратты растаған да жоқ, теріске де шығарған жоқ.