Обама Таяу Шығыс бейбіт процесіне назар аудартпақшы

АҚШ президенті Барак Обама бейсенбі күні әлем жетекшілерін Израиль-Палестина бейбіт процесі төңірегінде бірігуге шақырмақшы. Ол бұл үндеуін БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 65-ші жылдық отырысында айтпақшы.

Обама Израиль мен Палестина арасында бейбітшілік орнауы керек, оған әлем тарапынан да өз үлесімізді қосуымыз керек деп айтады.
Бұл туралы АҚШ президентінің сөзінен үзінділер таратқан Ақ үйден хабарланды.

Бас ассамблеяда айтылған тақырыптар қыркүйектің 23-30 күндері ғаламдық қаржы дағдарысы, терроризм және ядролық қару таратпау мәселелеріне қатысты кездесулермен жалғасады.