Татарстанда жаңа діни мейрам пайда болды

Келесі жылдан бастап Татарстан мұсылмандары мамырдың 21-ін Еділ бұлғарларының 922-ші жылы Исламды қабылдаған күні ретінде атап өтіп тұрмақшы.

Сонымен бірге Татарстан парламенті Ораза Айтты да ресми мереке ретінде бекітті. Бұған дейін республика жұртшылығы тек Құрбан Айтты ғана діни мейрам ретінде тойлап келген.