Назарбаев Жамбыл облысына барады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына екі күндік сапармен барады. Бұл туралы бүгін облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін президент Тараздағы бизнес-форумға қатысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралайды деп хабарланып отыр.