Косово президенті қызметінен кетеді

Косово президенті Фатмир Сейдиу өзінің қызметінен кететіндігін мәлімдеді. Бұл қадамға конституциялық соттың шешімі себеп болып отыр.

Жуырда өткен конституциялық сот, саясаткер бір мезгілде президент әрі "Косовоның демократиялық күші" партиясының жетекшісі бола алмайтындығы жайлы шешім шығарды.

Сейдиу өзінің конституцияны бұзбағандығын айтады. Дегенмен, сот шешімін құрметтейтіндіктен президент қызметінен кетуге бел буған.