Президент Назарбаев Шымкентке барады

Бүгін түстен кейін ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шымкентке барады.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент қаладағы Неке сарайының ашылуына қатысып, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына барады. Сондай-ақ, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралайды.