Пәкістанның АҚШ-тағы елшісі Ауғанстандағы халықаралық күштерге қажетті жабдықтарды өз елінің аумағы арқылы өткізу үшін шекараны қауіпсіздік мәселелері шешілісімен қайта ашқалы отыр деп мәлімдеді.
Бейсенбі күні Пәкістан Ауғанстандағы әскери әуе күштерінің зымыран соққысынан үш әскери қызметкері қаза тапқан соң, НАТО әскерлеріне жүк жеткізілетін шекара жолын жауып тастаған болатын.
Халықаралық күштердің қолбасшылығы оқиғаның жай-жапсарын жылдам тергеп-тексеруге уәде етті.