Қазанның 4-і - адамзаттың ғарыш дәуірін бастаған күн

Бүгін адамзаттың ғарыш дәуірін бастаған күні. Осы күні Дүниежүзілік ғарыш апталығы басталады.

Ғарыш дәуірі басталған күнді 1967-ші жылдың қыркүйегінде Халықаралық астронавтика федерациясы жариялаған болатын. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999-шы жылғы желтоқсанның 6-сында адам әл-ауқатын жақсартуға ғарыш ғылымы мен техникасы қосатын қомақты үлесті атап көрсету мақсатымен қазанның 4-і мен 10-ы аралығындағы аптаны Дүниежүзілік ғарыш апталығы (World Space Week) деп жариялады.

1957-ші жылы қазанның 4-інде қазақ жерінен планета тарихында тұңғыш рет Жердің жасанды серігі ғарышқа шықты және Жердің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин ғарышқа көтерілді. Байқоңыр ғарыш айлағы ресейлік және шетелдік ғарыш кемелері үшін де басты ғарыш алаңына айналды.

Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген. Оған дейін бір ұшу мерзімінде ешкім ашық ғарышта бір тәуліктен артық болып көрмеген.