Йеменде британ елшілігінің автокөлігі атқыланды

Йемен араб елінің астанасы – Сана қаласында сәрсенбі күні Ұлыбритания елшілігінің жеңіл автокөлігіне шабуыл жасалды.

Қауіпсіздік қызметінің мәліметіне қарағанда, көшеде өтіп бара жатқан 3 кісі жараланды.

DPA ақпарат агенттігінің дерегіне сәйкес, елшіліктің бірде-бір қызметкері зардап шеккен жоқ.

Баспасөз агенттіктерінің хабары бойынша, қаланың шығысында автокөлік минаатқыштан атқыланды.