Мишель Обама әлемдегі ең беделді әйел деп танылды

АҚШ президентінің әйелі Мишель Обама әлемдегі ең беделді әйел деп танылып отыр. Мишель "Форбс" журналының жыл сайын жариялайтын тізімінде биыл алғашқы болып тұр.

Өткен жылы Мишель Обама осы басылымның тізімінде 40-орынан көрінген еді.

Биылғы тізімде екінші болып "Kraft Foods" компаниясының директоры Ирен Розенфельд, ал үшінші орында тележүргізуші Опра Уинфри тұр.

Ал өткен жылғы тізімде бірінші болған Германия канцлері Ангела Меркель биыл төртінші орынды иеленген.