Грекияда тағы ереуіл өтеді

Бүгін Грекияда мемлекеттік қызметкерлердің 24 сағаттық ереуілі өтеді. Елде мемлекеттік мекемелер, мектептер жабылады.

Ақпаратқа қарағанда, шараға әуедиспетчерлері де қосылуы мүмкін.

Олар Грекия билігінің дағдарысқа қатысты бюджет шығынын қысқырту туралы шешіміне наразылық білдіруде.