Ауғанстан провинциясының губернаторы оққа ұшты

Ауғанстанның солтүстігіндегі Қундуз провинциясының губернаторы қаза болды. Губернатор Қундузға көрші жатқан Тахар провинциясына жұма намазға барғанда, мешітте жарылғыш зат іске қосылған.

Провинция басшысынан өзге тағы кем дегенде 14 адам қаза тапқан.