Чилиде шахтаның опырылуы салдарынан жер астында 2 айдан ұзақ уақыт қамалып отырған 33 кеншіні жер бетіне көтеріп құтқару операциясы өтіп жатыр. Қазір кеншілердің үштен бірі, оның ішінде 19 және 63 жастағы ең жас және ең қарт кенші құтқарылды.
Оларды 622 метр тереңдегі шахтаға түсетін арнайы капсула арқылы көтеріп жатыр. Мамандардың есептеуінше, құтқару шарасы 1 күн жалғасады.
Шахтаға құтқарылған кеншілерді өзі құттықтау үшін Чили президенті Себастьян Пиньера келді. Жер астынан алғашқы кеншіні көтеріп шығарғанда, жиналған жұрт зор қуанышпен қарсы алды.
Шахтадағы 5 тамызда болған апаттың салдарынан терең жер астында қамалып қалған кеншілер адам айтқысыз жағдайда өмір сүрудің рекордын жаңғыртты.
Алғашқы 17 күн бойы кеншілер қаза болды деп есептелді.