Ауғанстанда НАТО жауынгерлері қаза болды

Ауғанстанда болған жарылыстан халықаралық әскери күштің үш жауынгері қаза болды.

НАТО басшылығының сөзінше, оқиға бүгін таңертең Ауғанстанның батысында болған. Өзге жайттар хабарланбай отыр.

Белгілісі аталған аймақта АҚШ, Испания; Италия және Литва елдерінің әскери күштері орналасқан

"Франс-пресс"агенттігінің хабарлауынша, осы жыл ішінде Ауғанстанда коалиция күштерінің 584 жауынгері қаза болған.